Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Ақпараттық технологиялар Зейнетақы қоры қызметінің сапасын жетілдіруде

399 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ақпараттық технологиялар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорының қазіргі стратегиялық міндеттерін шешу жолдарының ажырамас бөлігі екені аян. Қордың негізгі ақпараттық жүйелеріне зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүргізу, зейнетақы жүйелерінің инвестициялық және бухгалтерлік есептерін жүргізу жүйелері жатады. 2018 жылдың 5 айында Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы  филиалдардың операциялық қызметкерлері 9,5 млн операцияны жүзеге асырған.  

Ақпараттық технологиялар Зейнетақы қоры қызметінің сапасын жетілдіруде

Ал 2017 жылдың соңында KPMG аудиторлық компаниясы Қордың ақпараттық жүйесін аудиттен өткізген болатын. Аудиторлар Қордың негізгі үдерістерінің автоматтандырылу деңгейі 82 пайызды құрайджы деп бағалады. 2017 жылдың екінші жартысынан бастап Қор зейнетақы қызметтерін көрсететін негізгі жүйелердің тоқтап қалу уақытын бақылауға алды. Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеу көрсеткіші – 99,98 пайызды құрады.

Биыл зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық қызметтердің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін метрокластер құру және Алматы  мен Астана қалаларында ақпараттар өңдеудің резервтік орталығын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру еліміздің облыстарының бірінде үлкен табиғи немесе техногендік апат болғанның өзінде, Қордың ақпараттық қызметін үздіксіз және толыққанды ауқымда жалғастыруға мүмкіндік береді.

Зейнетақы заңнамасының өзгеруіне және электрондық сервистердің дамуына байланысты жеке мәліметтерді есептеу жүйесі әрдайым жаңартылуда. Мысалы, 2018 жылдың басында жүйеде зейнетақы төлемдерін кесте бойынша, соның ішінде зейнетақы төлемдерін кесте бойынша ай сайын жүзеге асыруға қатысты міндет-тәсілдері жаңартылды. Қор қызметтерін БЖЗҚ бөлімдеріне барып қана емес, дәстүрлі және электронды пошта арқылы, www.enpf.kz сайтында «жеке кабинет» ашу арқылы, ұялы қосымша көмегімен, e-gov.kz электрондық үкіметі сайтында, өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарында да алуға болады. Бұл қызметтерге жүгінушілер қатары күн санап артып келеді.

ENPF ұялы қосымшасын жүктегендер саны 2018 жылдың 5 айында 305,8 мың  бірлікке жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық (287 мың жүктеме).

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы зейнетақы қоры enpf.kz  сайты арқылы зейнетақы шотын ашуға арыз беру, жеке деректемелерге өзгеріс енгізу, интернет-хабарландыру әдісін таңдау, төлем жасауға өтініш беру, оның орындалуын онлаин-режимде қадағалау сынды бірқатар электрондық қызмет түрлерін енгізді. Биыл enpf.kz сайты арқылы зейнетақы келісімінің көшірмесін алу қызметі қолжетімді болды. Электрондық қызметтер бар-жоғы бірер минутта көрсетіледі.

Жаңа электрондық қызметтер іске қосылғаннан бері ол 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін 55 800 рет қоданылған. Нақты айтқанда, Қор сайтындағы «жеке кабинет» арқылы 12 500 жеке зейнетақы шоты ашылған (ЖСН және құпия сөз немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында берілетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы). 3 226 алушы (зейнетақы жасына келген немесе 1, 2 топтағы мүгедектігі мерзімсіз тағайындалған азаматтар) зейнетақы төлемдерін жасау туралы өтініш берген. Жеке деректемелерге 30 794 өзгеріс енгізіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарландыру әдісін өзгертуді интернетке арқылы алубойынша9320 операция жасалған.

Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «электрондық үкімет» шлюзы арқылы ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік ақпараттар базасындағы «Жеке тұлғалар»бөлімімен шұғыл ақпарат алмасу үшін үйлестіру үдерістері белсенді жүргізілуде. Таяу арада Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін бір-бірімен үйлестіру арқасында  зейнетақы тағайындау жөніндегі композиттік қызмет қолжетімді болады. Оған «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Жасы келуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік төлеу» қызметтері кіреді.

Бүгінде кең қолданысқа енген «Facebook», «ВКонтакте», «Твиттер», «Одноклассники» және «Instagram» сынды әлеуметтік желілермен  қатар, Қор биылдан бастап чат-боттар мен Telegram, Whatsapp, мессенжерлер арқылы ақпарат тарату шарасын енгізуде. Барлық байланыс арналары зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы  қажетті ақпарат алуға, ал керек жағдайда нақты жеке сауалдар бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді.

Таяу уақытта салымшылармен өзара байланысты жеделдету мақсатында  Whatsapp (8-777-000-1418 номері) арқылы ақпаратты Қор кеңсесіне барып, қоңырау шалмай-ақ автоматты режимде алуға жол ашатын болады.

БЖЗҚ-да қолданылатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өткен абзал.

Дайындаған Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ